Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Рецептісіз препараттары сатылатындығын анықтады

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Атырау облысы бойынша департаменті мамандарының мәлімдеуінше, былтырғы жылдың қараша айында дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың бірыңғай дистрибьюторы базасында «СҚ-Фармация – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі ашылды.

Мақсат - ұйым қызметінде парасаттылық қағидаттары мен комплаенс саясатын енгізу. Ал, «СК-Фармация – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі аясында жасақталған меморандумға сәйкес биылғы жылдың наурыз айында «Атырау- адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің қызметкерлерімен «құпия сатып алушы» әдісі арқылы рейдттік іс-шара ұйымдастырды.

Мақсат – елімізде тіркелмеген дәрілік заттарды бөлшек саудада өткізіп, рецепт бойынша міндетті түрде сатуға жататын препараттарды, оның ішінде күшті әсер ететін, есірткі құралдары мен психотроптық заттарды рецептісіз босату фактілерін анықтау болып табылады. Нәтижесінде, аталған Департамент мамандары Атырау қаласының вокзал маңы мен «Дина» сауда орталығында орналасқан дәріханаларда мониторинг жүргізіп, рецептісіз босатуға жатпайтын «Кетанов», «Кетарол», «5-НОК», «Но-шпа», «Цефазолин» препараттарының сатылатындығын анықтады. Мысалы, «Цефазолинді» қолдану арқылы ем тағайындау алдында емделушіде цефазолинге, цефалоспоринге, пенициллинге немесе басқа да дәрілік препараттарға аса жоғары сезімталдық реакцияларының пайда болуын анықтау үшін мұқият зерттеу жүргізу қажет.

Пенициллинге аллергияның бұрын пайда болған эпизодтары бар емделушілердің 10 пайызына қатысты бета-лактамды антибиотиктер мен аса жоғары сезімталдық реакциясының дамуымен айқаспалы аллергия жағдайлары байқалған. Егер аллергиялық реакция байқалса, Цефазолинді пайдаланып емді тоқтату қажет.Қандай да бір жанама әсерлер туындаған кезде емдеуді тоқтату керек.

Бұл ретте, бронх демікпесі, сыртартқысында есекжемнің бөртпелері немесе эпизодтары бар емделушілерге, ауыр бүйрек жеткіліксіздігі, тамақтанудың жеткіліксіздігі немесе бұзылуы жағдайында, парентеральды тамақтануды жүргізу кезінде немесе күшінен айрылуы бар емделушілерге ( бұл емделушілер К витаминінің тапшылығынан зардап шегуі мүмкін, оларға мұқият мониторинг жүргізу қажет), қарт емделушілерге. препаратты тағайындағанда сақ болу керек. Алайда, бірқатар дәріханалар бұл препаратты рецептісіз босата берген. Анықталған кемшіліктерді жою мақсатында Департаментпен уәкілетті органдарға тиісті ұсыныстар жолданды.

- Атап өту қажет, 1439 қысқа нөмірі бойынша тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелері бойынша байланыс орталығы жұмыс істейді. Барлық қоңыраулар қалалық және ұялы телефондар арқылы тегін. Байланыс орталығының операторлары жүгінген пациенттерге тегін берілетін қажетті дәрі-дәрмектерді жеткізу мерзімі мен күні туралы ақпарат береді,- деп жазады аталмыш Департамент мамандары «Қызылқоға» газетінің электрондық поштасына жолдаған баспасөз релизінде.

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521