Жұмысшы мамандықтарының қоғамдағы маңызы орасан зор. Өйткені елдің өркендеуі мен дамуы ең алдымен адал еңбек етіп жүрген қарапайым мамандардың қажырлы еңбегіне сүйенеді. Құрылысшы да, механизатор да, ұстаз да, дәрігер де – барлығы мемлекетіміздің берік тірегі.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей: «Жаман іс болмайды, әрбір еңбек – құрметке лайық». Бүгінгі жастарға айтар тілегім – мамандық таңдарда ең алдымен елге, қоғамға пайдасын тигізетін кәсіпті игеруге талпыну. Өйткені нағыз табыс – адал еңбекпен келген табыс. Біз, аға буын, әрқашан жастардың дұрыс жол таңдап, еңбекқор болып өсуін қалаймыз. Жұмысшы мамандықтарының мәртебесін көтеру – мемлекетіміздің жарқын болашағына жасалған үлкен қадам.
Балғаным Хасенова,
аудандық аналар кеңесінің төрайымы, ардагер ұстаз