Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Атырауда мектеп маңында жылдамдық шектеуі қайта енгізілді

1 қыркүйектен бастап Атырау қаласында жалпы білім беретін мектептердің маңында көлік қозғалысының жылдамдығына шектеу қайта енгізілді.

Енді ең жоғары жылдамдық сағатына 40 км-ді құрайды, ал оның сақталуын «Сергек» автоматтандырылған кешені бақылайды. Бұл шара өткен оқу жылында да қолданылған болатын, алайда жазғы кезеңде камералар уақытша өшірілді. Жаңа оқу жылының басталуымен олардың жұмысы қайта жанданды. Камераларды орнату және жылдамдықты шектеу мектеп оқушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және оқу орындары маңындағы жол-көлік оқиғаларының санын азайтуға бағытталған.

Бүгінде Атырау қаласында «Сергек» жүйесінің 1997 камерасы жұмыс істейді, оның 612-сі қиылыстарда орнатылған. Бірыңғай интеграцияланған желінің арқасында әрбір жол қозғалысы ережесін бұзу автоматты түрде тіркеліп, жол-көлік оқиғаларының деңгейін төмендетуге ықпал етуде. Жүйенің тиімділігін статистика да дәлелдейді: жыл басынан бері жол қозғалысы ережелерін бұзудың 17 489 дерегі тіркелген. Сонымен қатар, «Сергек» тек жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуде ғана емес, қоғамдық орындардағы құқық бұзушылықтардың алдын алуда да тиімді құрал ретінде танылды. Білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздік мәселесіне де ерекше көңіл бөлінуде. Бүгінде облыстағы барлық 227 жалпы білім беретін мектеп 12 555 бейнебақылау камерасымен жабдықталған және олардың барлығы Жедел басқару орталығына қосылған. Мектептер мен қоғамдық орындардағы бейнебақылау жүйелерін біріктіру азаматтардың қауіпсіздігін кешенді түрде қамтамасыз етуге мүмкіндік беруде. Камералардың жұмысын қайта жандандыру және мектептер маңындағы жылдамдықты шектеу балалар үшін қауіпсіз орта қалыптастырудағы маңызды қадам болып табылады. Цифрлық технологиялар полицияның қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуінде, құқық бұзушылықтардың алдын алуда және халықтың қауіпсіздігін сақтауда басты көмекшісіне айналып отыр.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT