Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

QAMQOR.GOV.KZ ПОРТАЛЫНДА ЖАҢА ҚЫЗМЕТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті qamqor.gov.kz ақпараттық порталында «Сот әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп таныған адамдардың тізімі» функционалы іске қосылды.

Бұл функционал азаматтарға ыңғайлы әрі уақытын үнемдеу үшін құрылған, ол 15–20 күн ішінде оларға жауап күте отырып, уәкілетті органға өтініштер жіберу қажеттілігін болдырмайды. Сервис интернет-ресурстарды пайдаланушыларға мүмкіндігінше қысқа мерзімде үйден шықпай-ақ сот әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп таныған адамдарды арнайы есепке алу мәліметтерінің болуы не болмауы туралы ақпаратты дербес алуға мүмкіндік береді. Ақпарат алу үшін qamqor. gov.kz порталына кіру қажет, бұдан әрі «Сот әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп таныған адамдардың тізімі» бөлімінде ЖСН, жеке басын куәландыратын құжат нөмірі және берілген күні енгізілуі тиіс. 3 минут ішінде талап ету орны бойынша ұсыну үшін қағаз түрінде басып шығару мүмкіндігі бар анықтама әзірленеді. Бұл анықтама электронды-цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған және ресми құжат болып саналады. Бұл ретте ақпарат тәулігіне бір рет қана талап етілуі мүмкін.

«ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті» ММ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT