Алматыдағы тәртіпсіздік кезінде 149 адам қайтыс болды. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде Алматы қалалық Полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденов мәлім етті.
«Қазіргі уақытта қаза тапқан құқық қорғау органдары қызметкерлерінің саны 11 адам болды. Азаматтар тарапынан 149 адам қайтыс болды», - деді Қанат Таймерденов.