Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Некеге тұрудың шарты қандай?

 Неке қию-адам өміріндегі ең маңызды және есте қаларлық кезеңдердің бірі. Заң бойынша, некеге отыру туралы өтініш тіркеуші органға некені мемлекеттік тіркегенге дейін он бес күн бұрын берілуі тиіс. Бұл туралы Атырау өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында Атырау қалалық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Құралай Хайрошева мәлімдеді.

«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодекс бойынша, еліміздің тұрғындары 18 жастан бастап некеге тұра алады. Неке қиюды мемлекеттік тіркеу некеге отыратын адамдардың тілегі бойынша Қазақстан Республикасының аумағындағы кез келген тіркеуші органда жүргізіледі.

Дегенмен де, кей жағдайларда некеге тұруға рұқсат берілмейді. Мәселен, бір жынысты адамдар, біреуі басқа некеде тұрса, жақын туыстар мен бала асырап алушылар мен асырап алынған балалар және олардың балалары, сондай-ақ заңды күшіне енген сот шешімі бойынша психикалық ауруы немесе ақыл-есі кемдігі салдарынан кем дегенде біреуі әрекетке қабілетсіз деп танылған адамдар.

Сондай-ақ, Құралай Хайрошева брифинг барысында некенің бұзылғаны туралы анықтама алуда өзгеріс енгізілгені туралы айтты.

– Бұрын ерлі-зайыптылар сот арқылы некесін бұзып, содан кейін АХАТ органдарына барып куәлік алуы қажет болса, қазіргі таңда сот шешімі заңды күшіне енген сәттен бастап, автоматты түрде неке қию туралы акт жазбасына некенің бұзылғаны туралы белгі қойылып, куәлік алудың қажеттілігі алынып тасталды. Енді азаматтар некені бұзу туралы сот шешімі шыққаннан кейін АХАТ органдарына барудың қажеттілігі жоқ, – деді спикер.

Брифинг соңында спикер БАҚ өкілдерінің сұрақтары мен әлеуметтік желіден келіп түскен сауалдарға жауап берді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT