Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

МЫҢ АЛҒЫС, МҰҒАЛІМ!

сурет ғаламтордан алынды

Алғыс айту күні көктемнің алғашқы күнімен тұспа-тұс келетін мереке. Жанымыздағы жақын жандарға риясыз күлкі, көңіл ризашылығын білдіретін күндеріміз. Осы мерекені пайдалана отырып Сағыз орта мектебінің мұғалімдеріне 11-сынып оқушылары атынан алғыс айтамын! 

«Ұстазды атаңнан да әзиз тұт» демекші, ұстаз алдында бас иіп, алғыс айтпас жан жоқ. Жарқын да, ақ пейілді жүздеріңізден күлкі кетпей, қызығы мен шыжығы қатар жүретін жолдарыңызға толағай табыс пен өрлеу тілеймін. Барша адамға үлгі еткен ұлы істеріңізбен  қазақтық ұлт болып қалыптасуына сіңірген еңбектеріңіз үшін мың алғыс! 
Алғаш әріп танытып, мектеп атты ұямыздан қанат қағып ұшқанымызша бағыт беретін жандар. Ұстаз - екінші анамыз, ал өмірде ананың орнын толтыруға ешбір жан тең келе қоймас. Ол білім беріп қана қоймай, баланы болашақ өмірге дайындап, тұлға болуына ықпал жасайды. Берген тәрбиесі әрбір жанның өмірдегі бағдаршамы, қараңғыда жол сілтер шамшырағы іспетті. Сондықтан "мұғалім" сөзінің қадір-қасиеті биік. 
Назиға ТОРТАЙ, 
Сағыз орта мектебінің 
11-сынып оқушысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT