Алғашқы ұстаз – мектеп табалдырығын аттаған кезде алғаш сені мейіріммен қарсы алып, қолымызға қалам ұстатып, санамызға білім нәрін сепкен адам.
Әр адамның санасында мәңгілік сақталатын қасиетті тұлға. Маған алғаш әліппені ұстатып, төрт жыл бойы жаныма жақын адамға айналған алғашқы ұстазым Бибігүл Шамұратова еді. Оның орны мен үшін бөлек. 1-сыныпқа барған кезден бастап, барлық оқушыны өз баласындай көріп, бар білгенін үйретті.
Міне, бүгінде біз 10-сынып оқушыларымыз, кезінде бастауышқа қадам басқан Бибігүл апайдың шәкірттеріміз. Қазірде білімді, оқуда озат болуым , бастауыш қабырғасында оқып жүріп, үздік оқушыға жетелеген осы ұстазымның арқасында деп білемін. Оқуды, жазуды жане санауды, достасуды үйреткен алғашқы ұстазыма алғыс білдіре отыра, шығармашылық табыс, еңбек жолында еңбегіңіз жаңа берсін деймін!
Нұрайым АЙНАБЕКҚЫЗЫ,
Сағыз орта мектебінің 10-сынып оқушысы