Қызылқоға аудандық сотында, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді рәсімдеу, хаттама толтыру бойынша заңдылықтарды сақтау» тақырыбында дөңгелек үстел өткізіліп, оған Қызылқоға ауданы прокурорының орынбасары Ғ.Ж.Орынбасаров, аудандық полиция бөлімінің бірінші орынбасары Б.А.Макеев және учаскелік полиция инспекторлары, барлығы -32 тұлға қатынасты.
Сот төрағасы А.Е.Байназаров дөңгелек үстелді ашып, сотқа түскен әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді саралай отырып, әкімшілік хаттама толтыру кезінде тиісті органмен заң талаптарының сақталуына шаралар қабылдау мақсатында, электронды хаттамалардың дұрыс жасақталмау фактілерін негізге ала отырып, мысалдарды слайд түріндегі баяндамасынан ашып көрсетіп, заң талаптарын егжей-тегжейлі түсіндірді.
Шараға қатысушылар, әкімшілік заңнама талаптарын дұрыс сақтау барысында аудандық сот төрағасы тарапынан жан-жақты түсіндіру жұмыстары жүргізілгенін, айтылған ескертпелер мен кемшіліктерді назарға алып, олады алдағы уақытта болдырмауға шаралар қабылдайтынын айтып, өз ой-пікірлерін білдіріп, сұрақтар қойылып, оған сот төрағасымен заң тұрғысынан жауаптар берілді.
Қызылқоға аудандық сотының баспасөз қызметі.