Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметкердің оң беделін қалыптастыру – мемлекеттік жүйені дамытудың басты бағыттарының бірі. Мемлекеттік қызметші жан-жақты дамыған тұлға болуы тиіс.
Сонымен қатар, үнемі салауатты өмір салты мен отбасы құндылықтарын ұстануы қажет. Ол өз кезегінде мемлекеттік қызметшілердің әдебі мен мінез-құлық мәселелерінің маңыздылығын меңзейді. Кез келген мемлекеттік қызметшінің моральдық адамгершілік қасиеттері, әдептілігі мен кәсібилігі аса маңызды.. Мемлекеттік қызметшінің басты қағидасы – халыққа қызмет ету. Халықтың игілігіне жұмыс істеп, елге қолайлы жағдай туғызуы керек. Мемлекеттік органға шағымданған кез-келген адам, мемлекет көрсетуге тиісті қызметтің барлығын еш кедергісіз, дер кезінде және сапалы түрде алуы тиіс. Мемлекеттік қызметшінің беделі мәртебелік маңызға ие. Әр мемлекеттік қызметшінің басты міндеті – сапалы жұмыс жасау, өз білімі мен біліктілігін жұмыста пайдалана отырып мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру.
Осы орайда, аудандық экономика және қаржы бөлімінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында аудандық коммуналдық мүлікті жекешелендіру, мүліктік жалдауға және уақытша өтеусіз пайдалануға, сенімгерлік басқаруға беру жұмыстары мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталына (www.gosreester.kz) енгізілді. Соның нәтижесінде 3 объекті мүліктік жалдауға, 7 техника сенімгерлік басқаруға және 4 автокөлік жекешелендіріліп, келісімшарт электронды түрде жасақталды.
Мемлекеттік қызметкердің беделі – мемлекет беделінің бір бөлігі. Жалпы биліктегі мемлекеттік органдардың барлық басшыларының жұмысына қарап халық билікке, оның қарапайым адамдарға деген көзқарасына баға береді. Осыдан-ақ мемлекеттік қызметкерлердің мойнына жүктелген үлкен жауапкершілікті байқауға болады.
Думан НЫҒМЕТОВ,
аудандық экономика және қаржы
бөлімінің бас маманы