Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

«AMANAT»: Атырау облысында өңірлік әйелдер қанаты құрылды

облыстық форум өтті
фото: atr.kz-тен алынды

«Қоғамдағы әйел мәртебесі: Ұлттық құндылықтар, заманауи көзқарас» атты облыстық форум өтті. 

Енді өңіріміздегі әйелдердің басын қосатын , олардың гендерлік теңдігін, қоғамдық - саяси және әлеуметтік - экономикалық өміріне белсене араласуын бағыттау мақсатын көздейтін партияның жаңа әйелдер қанаты бар.

Форумда әртүрлі салада қызмет жасап жүрген әйел азаматшалары алуан тақырыпта ой бөлісті. Атап кетсек, тұрмыстық құқық бұзушылықтың алдын алу, әйелдер мен балаларды, әйелдердің кәсіпкерлік бастамаларын қолдау, саяси көшбасшылықтағы әйелдердің ролі, ауыл әйелдерінің қоғамдағы ролі тәрізді ең өткір тұрған тақырыптар талқыланды.

Жиында жаңа құрылған әйелдер қанатының кеңесші лауазымына Атырау облыстық мәслихатының депутаты, Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінің директоры Қарабаева Айжан Сәрсенқызы сайланды.

Сондай - ақ, аймақтың қоғамдық өміріне белсене араласқан қоғам қайраткері Мадина Ғабдусалимқызы өзінің ақ батасын берді.

Айта кетейік, осындай шараның бәрі қазіргі қоғамдағы әйел адамдардың ролінің артқандығын көрсетеді. Өңіріміздегі кез келген әйел отбасы, әулет, ел дамуына үлес қоса алады. Партияның басты мақсаты да осы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521