Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Медициналық бұйым шығарудың шебері

Алатау қаласына қарасты Ынтымақ шағын ауданын­да орна­ласқан отан­дық кәсіпорындардың бірі «Dolce» зауытының жұмыс істеп келе жат­қанына ширек ғасырдан асты. Зауыт – бір реттік медициналық мақ­сат­тағы бұйымдар мен дәрілік заттарды шығаратын ірі отандық өндіруші.

«1998 жылы іргесі қаланған зауытта 6 өндірістік цех іске қосыл­ған. Стерильді және стерильді емес қолғаптар өндіру цехы, «Ультра-Адсорб» сауда маркасымен бел­сендірілген көмір өндіру цехы, медициналық мақсат­тағы бұйымдар өндірісі цехы, мақта мен пластикадан жасалған бұйымдар өндіруге дайындалған цех, этилен оксидімен стерильдеу цехы және пластиктен жасалған бұйымдар өндірісі цехы қалыпты жұмыс істеп келеді. Осы уақыт аралығында үздік компаниялар қатарынан көрінді. 2 700 шаршы метрлік үш қабатты ғимарат 2020 жылы іске қосылды», дейді технолог Мұхамеджан Жұмабайұлы.

«Бірінші қабатында медициналық қолғаптар шығару цехы жұмыс істесе, екінші қабатында тігілген бұйымдар жинақталады, яғни, отаға арналған медициналық бұйымдар жиынтығы, комплектация цехы бар. Сонымен қатар мұнда бір реттік шприцтер жасалады. Үшінші қабатта тігін цехы жұмыс істейді. Мұнда тоқыма емес матадан бұйымдар, яғни күрделі және жеңіл оталарға арналған медициналық халаттар мен жаялықтар тігіледі. Соның ішінде күрделі отаға қажет бұйымның түрі 40-қа жуықтайды. Зауыт толық автоматтандырылған, заманауи станоктармен атқарылады», дейді технолог.

Оның айтуынша, кәсіпорынның тігін цехында бірнеше тігу әдісі пайдаланылады.

«Ультрадыбыстық тігуде тоқылма­ған матаны еріту арқылы бір-біріне жабыстырып, жіпсіз тігеді. Бұл – зиян­сыз, өте берік тігу түрі. Мұнда 35 адам жұмыс істейді. Орама материал­­­дар алдымен пішіліп, кесіліп келген соң осы цехта бөліктер біріктіріліп тігіледі. Тапсырыс көлемі артса 2-3 ауы­сыммен жұмыс істеуге тура келеді. Тігіншілер жұ­мысқа алынғанда алдымен аттеста­­­циядан өтеді. Одан соң компания өкілдері арнайы курста оқытады. Себебі бұл қарапайым тігін цехы емес, күрделі оталарға арналған бұйымдар даярланатындықтан, оған үлкен жауапкершілік пен тәртіп, тазалық қажет», дейді технолог.

Осы күні 330-ға жуық адамды еңбекпен қамтып отырған зауытта Қоянқұс мен Ынтымақ шағын ау­­­дан­дарының және Алматы қаласының тұрғындары жұмыс істейді.

«Dolce» зауытындағы тазалық класы өте жоғары зонада әртүрлі өлшемдегі медициналық шприцтер шығарылады. Мұнда жылына 150 млн дана шприц шығаруға мүмкіндік бар. Сондай-ақ белсендірілген көмір таблеткалары өндіріледі. Өнім­дер дистрибьюторлік компания­лар арқылы таратылады. Зауыт еңбеккерлерінің 70 пайызға жуығы әйелдер болса, стерильді цехта тек қана ер азаматтар жұмыс істейді.

«Өткен жылы зауыттың құрыл­ға­нына 25 жыл толғанын атап өттік. Жылына 350-450 мың дана медициналық бұйым шығарамыз. Оның ішінде бір реттік бетперде, бахила, халат, хирургиялық, аку­шерлік бұйымдар өндіреміз. Карантин жылдары табысы аз болса да бірнеше түрден тұратын бетперделер шығарумен айналыстық. Қазір өте күрделі кардио жиынтықтарды тігумен айналысып жатырмыз. Есімі елге танымал академик Юрий Пя жетекшілік ететін UMC кардиоорталығынан тапсырыс алып жатырмыз. Жобаны жүзеге асыруға біздің тігіншілер даярланып жатыр. Бұл – өте үлкен жетістік. «СК-Фармация» ЖШС-мен келісімшарт аяқталды. Өткен жылғы инвестиция көлемі 9 млрд теңгені құрады. Біз өнім өндірумен қатар, қайырымдылық іс-шараларына үзбей қатысамыз. Жаңадан құрылған Алатау қаласының аумағына кіретін медициналық мекемелерге, сондай-ақ Алматыдағы «Сәбилер үйіне» мерекелерде тұрақты түрде қолұшын беруді дәстүрге айналдырдық», дейді зауыт директоры Маржан Омарова.

Келешекте зауыт іргесі кеңеймек. Осы мақсатта 15 гектар жер бөлінген екен. Инвесторлардың көмегімен полимерлік зауытты кеңейту арқылы гинеко­логиялық бұйымдарды көбей­­­ту, логистикалық орталық салу әрі өнімге керек шикізатты өздері­нен өндіруді мақсат етіп отыр. Отандық компания өз өнімдерін көршілес елдерге де экспорттауды да дамытып жатыр.

Алматы облысы,

Алатау қаласы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT