«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Атырау облысы бойынша филиалының сарапшылары мемлекет тегін медициналық көмектің кепілді берілген көлемі (ТМККК) шеңберінде және МӘМС пакеті бойынша Жеткізушілер көрсеткен қызметтердің сапасы мен көлеміне мониторинг жүргізуді жалғастыруда.
2021 жылдың алғашқы тоқсанының қорытындысы бойынша қор филиалы 19011 кемшіліктерді анықтады. Айыппұлдарды қоса есептегенде сома 647,5 млн. теңгені құрады. Қордың ресми кері байланыс арналары - 1406 байланыс орталығы, "Qoldau 24/7" мобильді қосымшасы, Қордың сайты www.fms.kz.Telegram-дағы Saqtandyrybot, Денсаулық сақтау министрінің блогы және денсаулық сақтау министрлігінің сайты арқылы 1-тоқсанда Атырау облысы бойынша 7369 өтініш түсті. Оның 55-і тұрғындардан түскен шағым.
Шағымдардың ТОП-5-ін медициналық көмек көрсетуден бас тарту (20%), ТМККК және МӘМС кіретін қызметтерді ақылы негізде алуға жолдамалар (16,36%), көрсетілген медициналық қызметтердің сапасына (9%), біліксіздік (дұрыс қойылмаған диагноз, дұрыс емес дәрілерді жазып беру) (9%), дәрілік препараттармен қамтамасыз етуден бас тарту (7,2%) мәселелері құрайды. Осы мәселелерді жүйелі шешу үшін өңірлер деңгейінде денсаулық сақтау объектілерінің инфрақұрылымдық қамтамасыз етілуін арттыру, кадрлық қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізу, сондай-ақ барлық медициналық ұйымдарда бар пациентті қолдау және ішкі аудит қызметтерінің жұмысын күшейту қажет және олардың міндеті пациенттің құқықтарын қорғау болып табылады.
«Пациенттер Денсаулық сақтау қызметтеріне аса талапшыл болып және МӘМС жүйесіне көбірек тартыла бастады, мұны сақтандырылғандар мәртебесінде медициналық көмек алуға қатысты мәселелер мен өтініштер санының өсуі куәландырады» деп атап өтті «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Атырау облысы бойынша филиалының директоры С.Құралбек.
Бүгінгі таңда пациенттер өз медициналық ұйымдарынан тиісті көңіл бөлуді таба алмағасын, Қорға, Денсаулық сақтау министрлігіне немесе денсаулық сақтау басқармасына жүгіну арқылы өз құқықтарын қорғауды іздеуге мәжбүр. ҚР ДСМ 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № ҚР ДСМ – 321/2020 бұйрығымен бекітілген ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде денсаулық сақтау субъектілерінен медициналық қызметтерді сатып алу шарты талаптарының орындалуына мониторинг жүргізу қағидаларына (бұдан әрі-мониторинг қағидалары) сәйкес, белсенді және мақсатты мониторинг жүргізілді. Аталған бұйрықта жаңашылдық болып - медициналық ұйымдардың проактивті мониторингі табылады. Енді ақау анықталған жағдайда, жеткізуші қорытындыға қол қойылған күннен бастап 45 күнтізбелік күн ішінде анықталған ақаулар мен орындалмаған міндеттемелерді жоюы керек.
Көрсетілген мерзімде ақаулар жойылмаған жағдайда айыппұлдар көзделген. Бұл жаңа енгізілім медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға және жеткізушілермен сенімді қарым-қатынас жасауға мүмкіндік береді. 1 тоқсанда 16 медициналық ұйым про активті мониторингке, сондай-ақ 17 медициналық ұйым мақсатты мониторингке жатады. Про активті мониторинг бойынша 18 339 913,20 теңге сомасына 1070 ақау жағдайы анықталды, оның ішінде 45 күннен кейін про активті мониторингтің қайталама мониторингі кезінде 9 271 321,70 теңге сомасына 552 ақау жағдайы расталды, сондай-ақ нысаналы мониторинг барысында 3 999 935 теңге сомасына 282 ақау анықталды. Қор пациентттердің құқығын қорғауға мүдделі, сондықтан халықтан медициналық қызметтің сапасыз орындалуы немесе орындаудан бас тарту жайттарын кері байланыс арналарының бірі арқылы хабарлауды сұрайды – Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы, @SaqtandyryBot телеграм-боты, fms.kz ресми сайты және 1406 байланыс орталығы.
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ
Атырау облысы бойынша филиалы
Телефондар: 87122/556084, 8/7122/ 55 60 92.
Байланыс орталығы – 1406