Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Махамбетте бизнеске оңтайлы жағдай жасалды

«AMANAT» партиясының Махамбет аудандық филиалының қолдауымен оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимінің мөлшерлемесін 4 пайыздан 2 пайызға дейін төмендету бойынша жұмыстар сәтті аяқталды.

Махамбет аудандық мәслихатының шешімімен жаңа мөлшерлеме ресми түрде бекітілді.

Бұл туралы аудандық мәслихат депутаты Эльмира Есбосынова хабарлады. Оның айтуынша, бұл шешім өңірдегі шағын және орта бизнеске айтарлықтай қолдау көрсетпек.

– Салықтың 2%-ға төмендеуі кәсіпкерлердің тұрақты дамуына, қызмет аясын кеңейтуіне және жаңа жұмыс орындарын ашуына мүмкіндік береді. Әсіресе қызмет көрсету және сауда саласында жұмыс істейтіндер үшін бұл өте тиімді қадам, — деді депутат.

Жаңа шешім Махамбет ауданы мен ауылдық округтердегі кәсіпкерлердің бизнесін жеңілдетіп, экономикалық белсенділікті арттыру үшін қолға алынды.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

AQPARATPRINT