Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

ӘЛЕУМЕТТІК ОПТИМИЗМ ҚАНДАЙ ДЕҢГЕЙДЕ? 

Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты биыл 11 шілде мен 12 тамыз аралығында халық арасында сауалнама жүргізді. Іріктеу жиынтығының көлемі – 8 000 респондент. Сауалнамаға еліміздің 17 облысынан және республикалық маңызы бар – Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан 18 жастан асқан азаматтар қатысты. Әлеуметтанулық зерттеу деректеріне сәйкес, азаматтардың 75,9 пайызы бүгінгі таңда елдің дұрыс бағытта дамып келе жатқанын атап өткен.

Ең жоғары әлеуметтік оптимизм деңгейі 18–29 жас аралығындағы жастарға тән. Жас шамасы өскен сайын елдің болашағына қатысты оптимизм біршама төмендегенімен, жеткілікті жоғары деңгейде сақталып тұр. Елдің дұрыс бағытта дамып келе жатқанын қолдаған респонденттердің басым бөлігі қазірдің өзінде нақты жүзеге асырылып жатқан бірқатар маңызды реформаларды атап өтті. Олардың ішінде ауылдық және қалалық мектептерді салу мен жаңарту, «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасын іске асыру, БЖЗҚ-дан қаражаттың бір бөлігін шешіп алу мүмкіндігі сияқты реформалар бар. 
Бұл сауалнама нәтижелері азаматтардың өмірінің түрлі салаларында нақты өзгерістерді байқап отырғанын көрсетеді. Бұл өз кезегінде жүргізіліп жатқан реформалардың алғашқы нәтижесін беріп, мемлекеттік саясатқа деген қоғамдық сенімді нығайтып, болашаққа қатысты оптимизмді арттырғанын аңғартады.

 Экономикалық реформалар мен әлеуметтік бастамалардың тиімді жүзеге асырылуы ел басшылығына деген қоғамдық сенім деңгейінен көрініс табуда. Әлеуметтанулық зерттеу деректеріне сәйкес, Президент рейтингтің алдыңғы қатарында тұр. Яғни, сауалнамаға қатысқандардың 82,4 пайызы оған сенім білдірген. Сонымен қатар, елдегі оң өзгерістер патриоттық көңіл-күйдің артуына тікелей ықпал етуде. Сауалнамаға қатысқан респонденттердің басым көпшілігі Қазақстанмен және өз азаматтығымен мақтанатынын атап өткен.  Елдің болашақ дамуы тұрғысынан респонденттер Қазақстанның аймақтық қана емес, жаһандық деңгейде де көшбасшы бола алатын бірқатар салаларын айқындады. Респонденттердің пікірінше, елдің ең перспективалы даму бағыты агроөнеркәсіптік сектор, цифрландыру және жасанды интеллект, энергетика, көлік және транзит, адами капиталды дамыту салаларда көрініс тапқан. Респонденттердің пікірінше, қазіргі кезеңде осы бес стратегиялық маңызды бағыттың дамуы елімізді әлемдік деңгейдегі жетекші орындарға шығарып, тұрақты экономикалық өсім мен технологиялық ілгерілеуді қамтамасыз ете алады. 
Жалпы алғанда, әлеуметтанулық сауалнама нәтижелері бүгінгі таңда қазақстандық қоғам елдегі оң өзгерістерді айқын байқап отырғанын көрсетеді. Азаматтар жүргізіліп жатқан реформалардың нақты нәтижелерін өз өмірлерінен сезінуде. Бұл өз кезегінде халықтың мемлекеттік саясатқа деген сенімін күшейтіп, елдің болашағына қатысты оптимизмді арттырады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT