27 тамыз және 10 қыркүйек аралығында Қызылқоға ауданы аумағында «Бақытты отбасы-бақытты ел» атты республикалық акциясы аясында полиция қызметкерлерінің оң имиджін нығайту және отбасының қоғамдағы рөлін насихаттау мақсатында Қызылқоға ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері ардагер Омаров Зейнеден Шыңдыбайұлының шаңырағында арнайы қонақта болды.
Кездесу барысында ардагеріміз IIО-да қызмет еткен жылдарындағы өмірлік тәжірибесімен бөлісіп, бұл мамандықтың жауапкершілік пен қиындыққа толы екенін ерекше атап өтті. Сонымен қатар, аталған іс-шараның маңыздылығын атап өтіп, мұндай кездесулер жас буынға рух пен жігер беретінін жеткізді.
Ардагермен өткен жылы жүздесу әсерлі де тәрбиелік мәні зор болды.
Қызылқоға ауданы Полиция бөлімі