Қазіргі таңда 2720 түп ағаш отырғызылса, қалған 8280 ағашты күз мезгіліне отырғызу жоспарланды, деп хабарлайды AtyrauPress.
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың: «Бес жыл ішінде орман алқабында 2 миллиард, елді мекендерде 15 миллион ағаш отырғызылады» деген жолдауына сәйкес Құрманғазы ауданы бойынша елді мекендерді көгалдандырудың және жасыл аймақтар құрудың 2021-2025 жылдарға арналған өңірлік жоспары бекітілген болатын. Осыған байланысты 5 жыл ішінде аудан бойынша 50 000 түп тал отырғызылады. Былтыр 10 000 көшет егілсе, келер жылы 12 000 көшет отырғызу жоспарлануда. Мемлекет басшысының аумақтарды абаттандыру, көгалдандыру жөнінде берген тапсырмасына орай басталған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясында тазалық, көгалдандыру мен абаттандыру жұмыстары Құрманғазы ауданы бойынша тұрақты жүргізіліп келеді.
#ТАЗА ҚАЗАҚСТАН