Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

БІЛІМДІ ҰРПАҚ-ЕЛ БОЛАШАҒЫ

Биылғы жылдың 8 қыркүйегінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» тақырыбымен Жолдауын жариялады.

Президент елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының басым бағыттарын айқындап, цифрлық трансформацияның ұлттық қауіпсіздік, білім беру, экономика және қоғамдағы маңызын атап өтті. Сондай-ақ халықтың әл-ауқатын арттыру, жастардың жаңа технологияларды игеруіне жағдай жасау және заманауи қауіп-қатерлерге дайын болу қажеттігін баса айтты. Қазіргі заман дамыған, білектің емес білімнің заманы. Одан бөлек жасанды интелект қарқынды дамып, кез-келген салада өз рөлін алып келе жатыр. Әсіресе білім беру жүйесіне осы бағыттағы сабақтарды арттып, аса назар аудару керек. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы осы жолғы жолдауында:

 – Цифрлық технологиялар жаһандық еңбек нарығын жылдам өзгертіп жатыр. Әлемде жасанды интеллектімен жұмыс істеудің қыр-сырын білетін мамандарға деген сұраныс жыл өткен сайын артып келеді.Жұмыс үдерістерінің едәуір бөлігі цифрлық технологияларды енгізу арқылы автоматтандырылатыны анық.Сол себепті менің тапсырмаммен 100 мыңға жуық студентті технологиялық жобаларға тартуды көздейтін Al-Sana бағдарламасы жүзеге асырыла бастады. Алайда жасанды интеллектімен жұмыс істеу құзіретін қалыптастыру әлдеқайда ерте жастан, яғни мектеп қабырғасынан қолға алынуға тиіс, - деген болатын.

Мен мемлекет басшысының әр жолдауда алға қойған мақсаттары мен шешімдерін қолдаймын. Және де ол шешімдері болашақ ұрпаққа, еліміздің қарқынды дамуына үлкен үлесі барына сенемін.

Ақмарал ҚҰСАНОВА,

 аудандық отбасын қолдау орталығының директоры

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT