Құқық бұзушылықтарға «нөлдік төзімділік» қағидасын нығайту, көшелер мен басқа қоғамдық орындарда тиісті қоғамдық тәртіпті қолдау мақсатында Қызылқоға ауданы аумағында 26 -28 тамыз аралығында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Бұл іс-шара көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда қоғамдық тәртіпті сақтау мен алдын алуды күшейтуге, вандализм, мүліктің бүлінуі, ұсақ бұзақылық, сондай-ақ жол қауіпсіздігі саласындағы бұзушылықтар фактілерін анықтауға және жолын кесуге бағытталған.
Тұрмыстық зорлық-зомбылық саласындағы, оның ішінде кәмелетке толмағандарға қатысты құқық бұзушылықтардың алдын алу.
Сондай-ақ, полицейлер заңнаманы бұзу фактілерін анықтау үшін құрылыс объектілерін, базарларды, шаруа қожалықтарын, жалдамалы пәтерлерді аралайтын болады.Қылмыстың алдын алу бойынша рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылды және полицияда есепте тұрған адамдар, қолайсыз отбасылар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға ерекше назар аударылады.
Қызылқоға ауданы полиция бөлімі