Атырау ст.ЖПб қызмет ету аймағында 2024 жылғы 20-30 маусым аралығында «Құқықтық тәртіп» жоспарлы жедел-профилактикалық іс-шарасының үшінші кезеңі өтуде.
ЖПІШ негізгі бағыттары ретінде мыналар белгіленген:
-көшелер мен басқа қоғамдық орындарда, оның ішінде жастар шоғырланатын орындарда қоғамдық тәртіпті және профилактиканы күшейту;
-вандализм, мүлікті бүлдіру, ұсақ бұзақылық фактілерді, сондай-ақ жол қауіпсіздігі желісінде бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу;
-тұрмыстық зорлық-зомбылық саласында, оның ішінде кәмелетке толмағандарға қатысты құқық бұзушылықтарды профилактикалау. Тәртіп сақшылары қоғамдық тәртіптің бұзылуына жол бермеу үшін тиісті заң аясында бақылауды күшейтуде. Құқық бұзушылық немесе қылмыс жасаған азаматтар тиісті жауапкершілікке тартылады.
Сондай-ақ, сағат 23:00 ден 06:00-ге дейін заңды өкілінің, ата анасының қадағалауынсыз жасөспірімдердің түнгі уақытта үй жайдан тыс жерде жүрмеуі керек екендігі ескертіледі.
Атырау станциясындағы желілік полиция бөлімі