Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Қазақстандық компаниялар жарты трлн теңгені салық органдарынан жасырып қалған болуы мүмкін

Қаржы министрлігі ірі қазақстандық компаниялар салық төлемеген болуы мүмкін табыс сомасын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақпанда премьер-министр Олжас Бектенов вице-премьер-ұлттық экономика министрі Серік Жұманғаринмен және қаржы министрі Мәди Такиевпен бірге жұмыс кеңесін өткізді. Кеңес барысында Үкімет басшысы адал жолмен салық төлемей отырған ірі компаниялардың толық тізімі бар екенін де айтты.

Tengrinews.kz толық ақпарат алу үшін Қаржы министрлігіне жүгінген.

Ведомство салық құпиясы екенін мәлімдеп, премьер-министр айтқан компанияларды атамаған, бірақ олар басқа мәліметтер келтірген.

Мемлекеттік кірістер комитеті талдау жүргізіп, 633 салық төлеушіге хабарлама жіберген, оның 172-сі құрылыс саласында жұмыс істейді, ішінде барлық ірі құрылыс компаниясы бар. Ал 102-сі - сауда және басқа салалардың өкілдері.

"Компанияларға 498 миллиард теңге сомасындағы салық салынатын табысты төмендету белгілері бар хабарламалар жіберілді, олар орындалып жатыр", - деп жазылған жауапта.

Осылайша салық органдары компаниялар бұл сомадан салық төлемегенін жоққа шығармайды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT