Мемлекеттік қызметтің негізгі қағидаттарының бірі – мемлекеттік органдардың ашықтығы.
Қазақстан республикасы мемлекеттік қызмет істері aгенттігінің атырау облысы бойынша департаментінде Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің және С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің cтуденттеріне, оның ішінде «Мемлекеттік қызмет мектебіне» қабылданған студенттерге «Ашық есік күні» шарасы өткізілді.
Шара барысында Қазақстан республикасы мемлекеттік қызмет істері aгенттігінің атырау облысы бойынша департамент басшысы Нұрлан Еркебаев студенттерге Департаменттің қызметін таныстырып, мемлекеттік қызмет саласындағы жаңашылдықтарға тоқталды.
Атап айтсақ, мемлекеттік тапсырыс шеңберінде оқу орындарын аяқтаған үздік түлектер аудан мен ауылдық округтерге төменгі лауазымдарға конкурстық іріктеусіз тікелей тағайындала алатындығын хабарлады.
Сондай-ақ, студенттер Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару aкадемиясының Атырау облысы бойынша филиалының қызметімен де танысып, Академияда ұсынылатын оқу бағдарламалары жайлы мәлімет алды.
Бұдан өзге, студенттер Департаменттің атқаратын функциясы, құзыреттілігі және мемлекеттік қызметті өткеру барысы туралы ақпараттар алды.
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері
aгенттігінің Атырау облысы
Бойынша департаменті


