Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Карантиннің де пайдасы бар

Халқымыз әркезде «Әр қиындықтың бір жеңілдігі бар, жамандықтаң да қайыры бар» деп кез-келген оқиғаны жақсылыққа балап отырған.

Бұған осы төтенше жағдайдың өзінен біраз мысал келтіруге болады. Мысалы, үйде отырған халық отбасының құндылығын түсінді, ата-ана баласының сабағына араласып, ұстаздың қадірін ұғынды. Көптеген әйел адамдар тамақтың түр-түрін пісіруді меңгерсе, ерлер қауымы үйінің қираған-бүлінген жерлерін түзеп, көптен қолға алмаған құрал-сайманымен қауышты.

Жастар да қарап жатпай ағылшын тілін үйреніп, өз-өздерін дамытуды қолға алды. Мұндай мысалдар тізе берсең жетіп артылады. Бұдан шығатын қорытынды – екі айлық төтенше жағдай экономикаға зиянын тигізгенімен адами каптиталды дамытуға таптырмас мүмкіндік берді.

Демек, карантинде қамалудың да өз пайдасы болып шықты. «Батыр майдан да шынығады, болат қайнауда шынығады» деген мақал осындайда айтылса керек...

Дулат ҒҰБАЙДУЛЛИН

Сурет: ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521