Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

ҚАЙДА АСЫҚТЫҢ, БАУЫРЫМ?

сурет ғаламтордан алынды

 Осыдан бес жыл бұрын туған інімнен айырылып қалдым. Енді жетіліп мектеп бітіреді деп отырғанда аяқасты өз-өзіне қол жұмсап қыршын кетті.

«Қолда бар да алтынның қадірі жоқ» демекші, барында бір-бірімізді бағалап, қадірімізді білейікші. Өзім үйдің үлкені болғасын ерте қалаға кетіп жұмыс жасап, ата-анамды, бауырларымды қамқорлап жүр едім. Бір күні кешке қарай досым соғып: «Бақұл бол, ініңнен айырылып қалдың» дегенде төбемнен жай түскендей болды. «Інім-ау, қайда асықтың?» деп еңіредім де қалдым. Ішім алай-дүлей, ауылға әрең жеттім. Қайтатыннан бұрын жабырқаулы жүрген екен. Қайран, бауырым, кеш қалдым. Ағалық қамқорлығымды да көрсете алмадым. Жұмбақ күйіңде кете барды. Інім адамға зиянын тигізбейтін, бауырмал, жан-жағын қамқорлап жүруші еді. Достарымен сөйлессем: «Соңғы кезде өз-өзімен жабырқаулы жүрді» дейді. Күн-күрістің қамы деп бауырларыма көңіл бөлмеппін. Бәрі кеш. Қасында болсам мүмкін сөйлесіп алдын алар ма едім. Іні-қарындастарыма айтарым қандай жағдай болса да өз-өздеріңе қол жұмсамаңдар. Ол тығырықтан шығар жол емес. Қандай жағдайға тап болсаңдар да ата-ана, бауырларыңмен сөйлесіп шеше білген абзал.  

Ербол АҚЫЛБЕК

(аты-жөні өзгертілді)

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

AQPARATPRINT