Атырау облысы аумағында қоғамдық тәртіпті сақтау, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол-көлік оқиғаларын болдырмау, жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу деректерінің алдын алу мақсатында 18-23 қараша аралығында «Қауіпсіз жол» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды.
Іс-шара барысында полиция қызметкерлері жолда жүру қағидаларын өрескел бұзушылықтарды, оның ішінде көлік құралын мас күйде басқару, жылдамдықты асыру, басып озу, қарама-қарсы жүру, маневрлеу, жолаушыларды және ауыр салмақты жүктерді тасымалдау ережелерін тексеруде.
Осы ретте, Атырау облысы полиция департаменті жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу жағдайларын болдырмас үшін жолдағы қауіпсіздікті сақтауды ескертеді.


