Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

ҚАМШЫ ӨРУДІҢ ХАС ШЕБЕРІ

Бүгінде, «Әке көрген оқ жонар» деген қағиданы басты ұстаным етіп, қамшы өрумен айналысатын қамшыгерлер сирек. Десек те, әлі де болса бар екендігі көңілге қуаныш ұялатады. Солардың бірі – Қызылқоға ауданының орталығы Миялыда тұратын Мұрат Лайықов.

21 жасынан бастап қамшы өрумен айналысатын ол бұл өнерді әкесінен үйреніпті. Қамшыдан бөлек, жүген, ноқта, тұсамыс, шідер, өре, қаңылтырдан ер тағы да басқа тұрмысқа қажетті бұйымдар жасайтын Мұрат Жолдасұлы жақында «Қол өнер дауысы – 2022» облыстық фестиваль – байқауының Атырау облысы Қызылқоға ауданы бойынша сайысына қатысып, «Тері өнімдері» номинациясының І кезеңінде жеңімпаз атанып, облыстық фестиваль – байқауға жолдама алды.

- Қамшы негізінен 4, 6,8, 24, 36 өрім болып бөлінеді. Мен көбіне 8 өрім қамшы өремін. Оны жасау үшін әуелі теріні айранға салып, жүндерін сылып алып тастайтын дәрежеге жеткізеді. Иленген теріні көлеңкеге кептіріп алып, майлайды. Сөйтіп, тері қайысқа айналады. Одан кейін қайысты тіліп алып, өремін. Болашақта өзімнің білгенімді жастарға, оқушыларға үйретсем деген ойым бар. Оған өнерге жанашыр азаматтар көмек қолын созса нұр үстіне нұр болар еді. Қазір тапсырыс берсе жасаймын, - дейді қолөнерші Мұрат Лайықов.

Сатыбалды САҒЫМПАЗОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT