Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Ғылымда бұрыннан бар вирус

Қазір подкаст жанры қазақша сауатты контент ұсынатын ақпарат көзіне айналды. Қазақстанда бұл тенденция әрі қарай жалғасып, одан әрі дамуы үшін салалық подкастардың санын арттыру қажеттілігі туындап отыр. Біздің газет редакциясы да көпшілік назар аудара бермейтін кейбір тақырыптарды қағыс қалдырмай, оқырманға ой салатын ерекше материалдар әзірлеуді қолға алды. Мәселен, алдағы уақытта музыка, кино, кітап, бала тәрбиесі, отбасылық құндылықтар сияқты тақырыптар көрерменге қызықты болуы мүмкін.

Редакцияның YouTube арнасы арқылы көрсетілетін алғашқы подкаст тақырыбын жетістіктері мен әлі де жіті назар аударарлық проблемалары бар медицина саласына арнауды жөн көрдік. Медиа студияға Атырау облысы мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы Айнагүл Әділқызы Сәрсенғалиева және Атырау облыстық №2 ауруханасы кеңес беру-диагностика бөлімшесінің меңгерушісі, жоғары санатты дәрігер-инфекционист, медицина ғылымдарының кандидаты Нұрфия Төлемісқызы Қизатованы шақырып, өңірдегі эпидемиологиялық ахуал жайлы сөз өрбіттік.

Подкастың бейне нұсқасы әлеуметтік желілерде жарияланса, жазбаша нұсқасын оқырман газет бетінен оқи алады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT