Бүгінгі күні нашақорлықтың жасөспірімдер арасында кеңінен таралуы алаңдаушылық тудырып отыр. Күн сайын осындай ессіздікке жастар көптеп бой ұруда. Ал, оның соңы кісі өлімі мен зорлық-зомбылық жасауға соқтыруда.
Әлеуметтік құбылыс ретінде нашақорлық есірткілерді қолдануға жаңа құрбандарды тарту есебінен өмір сүріп және дамып келеді. Сондықтан, жастар арасында нашақорлық жедел дамып келеді. Нашақорлық – бұл есірткі заттарға еріксіз тартып тұратын, ағза қызметін қайтымсыз бұзылуларға алып келумен сипатталатын ауру. Есірткі санаға, миға әсер ететін заттар болып табылады. Есірткілер адам психикасының жағдайын, көңіл-күйін, санасын, айнала қоршаған әлемді қабылдауын, тәртібін өзгертетін заттар. Әдетте есірткілерді пайдалану қызығушылықтан басталады. Адам өзіне беймәлім нәрсені татып көруге талпынады. Ал, кейбіреулер есірткінің көмегімен қиындықтарды жеңіп, өмірдің ащы шындықтарынан алыстағысы келеді. Жанұяда ата-ана мен баланың арасында өзара түсініспеушіліктің, немқұрайдылықтың, ата-аналар тарапынан бақылаудың төмендігі мұның бәрі есірткіге бой ұрудың себептері. Есірткіге бас ұру проблемасын көпшілік әртүрлі суреттейді.
Жасөспірім ерекше әсерленгіш, мінез-құлқын өзгертуге ыңғайлы. Айналасындағылармен қарым-қатынасы қиындау және қалыптан тыс әсерленгіш. Өз құрбыларымен қатынасы бір қалыпты емес, ата-аналарымен сөзге келеді. Есірткімен таныс болуы шегіп көруді ұсынатын құрбыларының тобында басталады. Бірінші жыл ішінде шегу кездейсоқ ретпен жүреді. Шегуші адам ішімдік ішеді, бірақ арнайы іздемейді, ал біреулер ұсынса тартынбайды. Шөпті біртіндеп шегу тұрақты кәсіпке айналады, жасөспірім одан аздап ләззат ала бастайды. Әбден қаныққан жасөспірім алғаш рет героиннің немесе апиынның қатарындағы есірткінің дәмін татып көреді. Ата-аналар өз балаларын қатаң бақылауға алып түсіндірме жұмыстарын жүргізсе, болашағымыз есірткісіз жарқын болады деп ойлаймын.
Кенжебек БИСЕНБАЕВ,
«Арман» мәдениет үйі директоры


