Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Биыл Атырауда 30 мыңнан астам жұмыс орны құрылады

Атырау облысында 2025 жылға арналған Өңірлік жұмыспен қамту картасы аясында 31 мыңға жуық жұмыс орнын құру көзделген. Оның 23 мыңы – тұрақты жұмыс орындары. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды.

Жыл басынан 1 шілдеге дейін облыста 11 244 жұмыс орны құрылып, оның 5 мыңға жуығы тұрақты болды. Ұлттық жобалар мен даму тұжырымдамалары шеңберінде 2 531 жұмыс орнын ашу жоспарланып, қазіргі таңда 56 жоба аясында 1 163 жұмыс орны құрылған. Бұл мәліметтер «Интеграциялық жұмыс орындарын құру» ақпараттық жүйесі арқылы еңбек биржасына тіркелген.

— Биыл әлеуметтік қолдау шараларымен 42 мың адамды қамту жоспарланған. Оның ішінде 10 мыңнан астамы ваканттық жұмыс орындарына, 2 639 адам  қоғамдық жұмыстарға, 2 283 адам жастар практикасына, 478 жас «Алғашқы жұмыс орны» жобасына, 1 500 адам «Күміс жас» жобасына бағытталады. Сонымен қатар 230 адам грантқа, 220 жас микрокредитке, 1 880 адам онлайн оқуға жіберіледі,- деді облыстық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Полымбет Хасанов.

Жыл басынан бері 35 мыңға жуық адам мансап орталықтарына жүгініп, 20 244 адам әлеуметтік қолдаумен қамтылды. 8 237 адам жұмысқа орналасты, оның ішінде 2 984-і тұрақты жұмысқа, 5 253-і субсидияланатын жұмыс орындарына тартылды.

Онлайн оқудан 2 153 адам өтіп, 1 893-і сертификат алды. «Бастау-Бизнес» жобасына 1 331 адам қатысып, 98 адам жұмысқа орналасты, 58-і грант, 96-сы жеке кәсіпкер мәртебесін иеленді. Маусым айында 144 адам 400 АЕК көлеміндегі қайтарымсыз грант иегері атанды.

2025 жылдың 1 шілдесіне дейін 13 401 жас жұмыспен қамту бойынша хабарласқан. Оның ішінде 3 083-і жұмысқа орналасып, 6 515-і кәсіптік бағдармен қамтылды. Бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне 2 344 адам қатысып, 587-сі жұмысқа орналасқан.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT