Тазалық жұмыстарын өткізу кезінде көшелер мен аулаларда қалдықтар мен қоқыстар жағылуы мүмкін.
Жанған қоқысқа салғырт қарау себепті жақын орналасқан тұрғын үйлерге және қоршаған ортаға тілсіз жаудың орасан зор шығын алып келуі әбден мүмкін. Осы орайда, аула және көше тазарту кезіндегі сақталуға тиісті қарапайым өрт қауіпсіздік шараларын естеріңізге салайық. Яғни, көше бойындағы жиналған қоқыстарды жинап қойып, өртемеген дұрыс. Себебі, жиналған қоқысты арнайы автокөліктердің көмегімен тиісті орындарға шығарылады.
Тұрғын үй ауласын тазарту жұмыстарын жүргізу барысында қоқыс қалдықтарын бақылаусыз өртемеген абзал. Қоқысты жанғыш заттарға жақын жинамап, ауа-райының желді күндері жағуға тыйым салынады. Аулаға жиналған қоқысты жағу кезінде ғимараттар мен тұрғын үйлерден ара қашықтықты сақтап, аулаға жиналған қоқысты өртемес бұрын жақын және қолжетімді жерге ыдыстарға су құйып қою керек.
Жиналған қоқыс қалдықтарын түрлі сұйық отындардың көмегімен тұтатпай, жанған қоқысты міндетті түрде су шашу арқылы сөнгендігіне көз жеткізген жөн. Қоқыс жағу және өртеу кезінде өрт қауіпсіздігі ереже талаптары бұзылған жағдайда, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» кодексінің 336 және 410 баптары бойынша әкімшілік шара көзделгендігін ескерткіміз келеді. Төтенше жағдай орын алғанда 101 телефонына хабарласыңыздар!
Сонымен қатар, аудандық төтенше жағдайлар бөлімінде 2-10-45 сенім телефоны жұмыс жасайды.
Ақнұржан АҚЖІГІТОВ,
аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің инженері,
азаматтық қорғау майоры
Сурет: ашық дереккөзден