Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Атырауда «Түнгі қаладағы балалар» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде

14-19 ақпан аралығында Атырау облысы аумағында кәмелетке толмағандармен, оларға қарсы жасалатын қылмыс пен құқықбұзушылықты анықтау, алдын алу сондай-ақ, балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу, құқықтық сауаттылықты арттыру бағытында «Түнгі қаладағы балалар» жедел- профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Шара аясында бөлім есебіне қойылған жасөспірімдер, жастар арасында профилактикалық жұмыстар жүргізу, сондай-ақ құқық бұзушылықтар жасауға бейім жасөспірімдерді, кәмелетке толмағандар тобын, оларды құқық бұзушылықтар жасауға тартатын ересек адамдарды анықтау жұмыстары жүргізілуде.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT