Мүгедектігі бар адамдар үшін мемлекет қаражаты есебінен 8 арнайы жұмыс орындарын құру жоспарланып, бюджеттен 7,1 млн.теңге және мүгедектігі бар адамдардың жалақысын ішінара субсидиялауға 2,3 млн.теңге қарастырылды.
Бұл шаралар кресло-арбамен жүріп-тұратын, есту және көру қабілетінен айырылған мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс берушілерге арнайы жұмыс орындарын жарықтандыру үшін құрал-жабдықты сатып алуға, монтаждауға және орнатуға кеткен шығындарды өтеу мақсатында беріледі.
Арнайы жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған адамдардың жалақысы ай сайын субсидияланады. Ағымдағы жылы 8 мүгедектігі бар адамның жұмыс орындары арнайы құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіліп, жұмысқа орналасты; Мүгедектігі бар адамдар мен пробация есебінде және жазасын өтеу орындарынан босап шыққанадамдар үшін квота белгіленіп, мекемелер тізбесі бекітілді. Жыл бойы жұмысқа қабілетті мүгедектігі бар 1 182 адам хабарласып, оның 1 019-ына (86,2%)әлеуметтік қолдау түрлері көрсетілді.
- тұрақты жұмысқа орналасқаны – 273 адам (оның ішінде квотамен 77 адам орналасты);
- ақылы қоғамдық жұмысқа жіберілгені – 328 адам; - әлеуметтік жұмыс орнына – 17 адам;
- жастар тәжірибесіне 35 жас түлек жіберілді;
- «Алғашқы жұмыс орыны» жобасына 7 адам жіберілді;
- «Күміс жас» жобасы шеңберінде 50-ден асқан 18 адам жұмысқа орналасты;
- Бастау-Бизнес жобасымен кәсіпкерлік негіздеріне оқуға 289 мүгедектігі бар адамдар жолданды;
- 4 адам ТШО арқылы оқу курстарына жолданды;
- 41 мүгедектігі бар адамдар мемлекеттік грант алды (400 АЕК); - 7 мүгедектігі бар адам арнайы жұмыс орындарына орналастырылды