Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Атырау облысында күзгі әскерге шақыру науқаны басталды

Атырау облысында күзгі әскерге шақыру науқаны ресми түрде басталды. Биылғы науқанда өңірден 700-ге жуық жас азамат әскер қатарына аттанып, Отан алдындағы қасиетті борышын өтеуге ниет білдірді.

Әскерге шақырылған азаматтардың құқығы толық сақталады. Жұмыс істеп жүрген жастардың жұмыс орны міндетті түрде сақталып, олардың еңбек өтілі үзілмейді. Сондай-ақ, әскерде болған уақыт ішінде несие өтеу мерзімі 13 айға тоқтатылып, әлеуметтік тұрғыдан қолдау көрсетіледі.

Әскери борышын абыроймен өтеп келген жастар үшін қосымша мүмкіндіктер қарастырылған. Үлгерімі жақсы сарбаздарға туған облысынан арнайы грант бөлініп, олар Ұлттық бірыңғай тестілеусіз-ақ жоғары оқу орнына түсуге жолдама алады. Бұл – жастардың білім алып, болашақта мамандық игеруіне жасалған үлкен қолдау.

Мамандардың айтуынша, әскери қызмет азаматтарға тәртіптілік пен жауапкершілікті қалыптастырып қана қоймай, олардың болашақ мансабына да жол ашады. Сондықтан биылғы науқанға қатысып жатқан жастардың жігері мен патриоттық рухы ерекше аталып өтті.

Ақтілек Базарбаева

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT