Облыс прокуроры Бауыржан ЖҰМАҚАНОВТЫҢ төрағалығымен облыс әкімінің орынбасары, Полиция департаменті басшылығының қатысуымен облыс прокуратурасы алқасының отырысы өтті.
Іс-шарада жол-көлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің проблемалық мәселелері талқыланды.
«Адамдардың денсаулығы мемлекет пен қоғамның басты мәселесі болып табылады. Халықтың және болашақ ұрпақтың денсаулығын сақтаудың маңызды стратегиялық бағытын қалыптастыру әрқашан мемлекеттің басым міндеті болып қала береді», – деді облыс прокуроры.
Қорытындылай келе, қадағалау ведомствоның басшысы «жолаушылар тасымалы талаптарын сақтау, такси қызметін реттеу, патрульдеуді күшейту, білім беру ұйымдарының алдында жол белгілерін қамтамасыз ету, жол-көлік оқиғалары орын алатын учаскелерге барып түсіндіру жұмыстарын шоғырландырылған түрде ұйымдастыру қажеттілігін» атап өтті.
Өз кезегінде, прокурор «жүргізуші ынтымақтастығын, жүргізу мәдениетін көрсетудің, жеке және жолаушылар денсаулығына, көбінесе олардың өміріне қауіп төндіретін бірнеше минуттың шамалы шығындары үшін негізсіз тәуекелдерге жол бермеуге назар аударудың маңыздылығын, кез-келген жағдайда олар қанша жылдамдықпен жетуге тырысса да соңғы межелі жер қозғалмайтынын ұмытпау керектігін» белгілейді.
Алқа отырысының қорытындысы бойынша ұсынымдар әзірленіп, тиісті органдарға тапсырмалар берілді.
Атырау облысының прокуратурасы