Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Ардагерлер шырша отырғызды, жастар көше тазалады

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына Ақтөбе облысының еңбек ұжымдары, білім беру мекемелерінің оқытушылары мен студенттері, тіпті тазалықты сүйетін қарапайым тұрғындар да үлес қосып келеді. 

Екі айға созылатын игілікті істен ардагерлер де қалыс қалмады. Олар қалалық ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен Есет батыр тұрғын үй алабындағы Есет Көкіұлы ескерткіші жанына бірнеше түп шырша отырғызды. Жас көшеттер Мәртөк ауданындағы тәлімбақтан әкелінді. Алматы ауданы әкімі Рүстем Өтешовтың хабарлауынша, жергілікті жерде өсірілген ағш көшеттері тез жерсінеді әрі құрғақ климатқа өте төзімді. Алдағы уақытта да скверлер мен саябақтарға, қоғамдық орындардағы бос алаңқайларға Мәртөк тәлімбағынан үйеңкі, қайың, долана, қарағай, шырша көшеттері мен бұталар әкеліп отырғызылады.

Мұнымен бір кезде Ақтөбе қаласындағы Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлова атындағы аллеяға 60 шақты студент, мектеп оқушылары мен NEET санатындағы жастар жиналып, тазалық жұмыстарын жүргізді, мемориальды кешен төңірегін жуып, қоқыс жинады. «Жасыл ел» еңбек отрядтары облыстық штабының және «Атамкен» студенттер отрядының жетекшісі Нұржан Шаңғытбаевтың айтуынша, әр апта сайын сенбілікке қатысуға ниетті жастар қатары толығып жатыр. Олар Батырлар аллеясынан ағайынды Жұбановтар көшесі мен Әілқайыр даңғылына дейінгі аралықты бір мезетте жинап шықты және гүлзарлар орнын қопсытып, тал егетін ұяшықтар қазды. «Жасыл ел» отрядының жігіттері мен қыздары жаз бойы экологиялық акцияны жалғастырып, Елек, Қарғалы, Сазды өзендерінің жағалаулары мен Ақтөбе су қоймасының айналасын тазаламақшы.

Ақтөбе облысы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT