Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Ақтауда АЭС жобасының артықшылықтары түсіндірілді

Ақтауда жоғары оқу орнының ұстаздары мен студенттерге АЭС жобасының артықшылықтары түсіндірілді. Қазір Маңғыстаудың барлық елді мекенінде елде атом электр станциясын салу жөнінде түсіндірме жұмыстары жүріп жатыр. Кезекті шара Шахмардан Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінде өтті.

«Атом энергетикасы Қазақстанның тұрақты даму негізі» деп аталған жиында энергетика саласының мамандары АЭС құрылысы Қазақстанның ұзақ мерзімді энергетикалық тәуелсіздігіне жол ашатын жоба екенін айтты. Өңірлердің әлеуетін одан әрі арттыру тұрақты энергиямен қамтамасыз етілген жағдайға да мүмкін екендігі сөз болды.

Жанат Өжекенова, «Энергетика және автоматизация» кафедрасының қауымдастырылған профессоры:

- Біздің республикамыз уран өндіруде бәрімізге белгілі, бірінші орында екені және уранның қоры бойынша дүниежүзінде екінші орында. Яғни, бүкіл уранның қорын қараған кезде 13%-і біздің Қазақстан Республикасында болып табылады. Енді неге сондай мүмкіндікті неге пайдаланбасқа? Егер атом электр станциясы салынатын болса, біз энергетикалық тәуелсіздікке қол жеткізер едік.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521