Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Шымкенттен Бас жүлде еншіледі

Шымкент қаласында өткен «DANCE BATTLE» Халықаралық би байқауында «Арман» мәдениет үйі жанындағы «Ойыл аруы» би тобы бақ сынады.

Байқауда «Сақ арулары», «Коббой», «Орыс биі», қазақ биі «Қызғалдақтар» биі мың бұрала билеген «Ойыл аруы» би тобы бас жүлдені және кіші би тобы I орынды жеңіп алды. Ал, жетекшісі Лизия Оқас арнайы Алғыс хатпен марапатталды.

- Би әлемі үлкен шыдамдылықты, төзімділікті қажет етеді. Сырт көзге үш минут би болғанымен, оған айлап дайындық жасаймыз. Ал, бишілердің қабылдауы, биді сіңіре білуі үлкен еңбекті қажет етеді. Әрине, бишілерім сахнаға шыққан сәттен, әр қимылдың дұрыс көрерменге берілуі мен бәрі үйлесімді болуы үшін тақымды буып тұрамыз. Әрине, соның арқасында жеңіс тұғырынан көріндік. Өте қуаныштымыз. Сахна сәні болған бишілеріме би әлеміне самғаған қанаттарың талмасын демекпін,- дейді «Ойыл аруы» би тобының жетекшісі Лизия Оқас.

Нұрсәуле ЖАУЫНБАЕВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521