Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Шәмші әндері шырқалған кеш

Кеше орталық алаңда Қазақстанның халық композиторы Шәмші Қалдаяқовтың 95 жылдығына арналған «Бақыт құшағында» атты әндер фестивалі өтті.

Фестивальдің басты мақсаты – ұлы сазгердің шығармаларын жас ұрпаққа насихаттап, ән өнеріндегі ұлттық құндылықтарды дәріптеу болды.

Кеш барысында Шәмші Қалдаяқовтың кеңінен танымал «Арыс жағасында», «Ақ маңдайлым», «Қайдасың», «Сыр сұлуы», «Сыған серенадасы», «Қайықта» сынды әндері шырқалып, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.

Мәдени кештің жүргізушілері композитордың өмір жолы мен шығармашылық ерекшеліктеріне тоқталып, әрбір әннің шығу тарихына қысқаша шолу жасады.

Шара аясында Қазақстанның әр өңірінде орындалып жүрген әндердің тарихы, алғашқы орындаушылары және бүгінгі ұрпаққа берер тәрбиелік мәні туралы тың деректер ұсынылды. Әсіресе, «Ана туралы жыр» мен «Менің Қазақстаным» әндерінің ел руханиятындағы орны ерекше екені айтылды.

Фестиваль барысында жас өнерпаздар мен ауданның талантты әншілері сахна төрінде өнер көрсетті. Кешке арнайы дайындалған сахналық қойылымдар мен көркем безендіру мерекелік атмосфераны арттыра түсті.

Шәмші Қалдаяқовтың әндерінен құралған бұл кеш – аудандағы мәдени өмірдің жарқын сәттерінің біріне айналды.

Ж.ҚАМЗА

суреттер автордікі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT