Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайдың IV отырысында қазір халықтың театр өнеріне деген қызығушылығы артып келе жатқанын айтты.
Көрерменнің қатары көбейіп, қосымша сеанстың да ашылуын сұрайды. Қойылым жиі сахналану үшін әртістер де көбею керек. Осыған орай Атырау Жастар театры биыл өз қатарына 25 талантты жасты қабылдамақ. Өткен жылы 66-шы театр ретінде ресми тіркелген ұжым қысқа уақыт ішінде көрерменнің ықыласына бөленіп, халықаралық байқауларда жетістікке жетті. 2014 жылы Махамбет атындағы Академиялық қазақ драма театры жанынан құрылған бұл шығармашылық топ уақыт өте келе дербес театрға айналды. Қазір өңір жастары театр өнеріне ерекше қызығушылық танытып, әр қойылымды асыға күтеді.