Таяуда Атырау қаласында «Дәстүрлі әуен – өнердің өркені» атты облыстық фольклорлық ансамбльдер байқауы болып өтті.
Оған ауданнан «Ақжелең» фольклорлық ансамблі қатысып, бас жүлдені жеңіп алды. 1991 жылы құрылған бұл ансамбльге 15 адам қабылданады. 2012 жылдың 15 қарашасында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі бұйрығымен Халықтық атағы берілді. Репертуарларында көптеген шығармалары бар ансамбльдің жетістігі орасан зор.
Нұрсәуле ЖАУЫНБАЕВА