Жаңа 2024-2025 жылдардағы тұмаудың эпидемиялық маусымынның 1 қазан және 17 желтоқсан аралығында облыс бойынша жіті респираторлық вирустық инфекциялардың (әрі қарай - ЖРВИ) 54 318 жағдайы, 100 мың адамға шаққандағы ауру көрсеткіші 7734,4 құрады. Зертханалық жолмен дәлелденген 19 жағдайы анықталды, оның ішінде жүкті әйелдер арасында 9 жағдай, 14 жасқа дейінгі балалар арасында 8 жағдай.
ЖРВИ-мен ауырғандардың көпшілігін 14 жасқа дейінгі балалар құрады – 65,5% (35 601 жағдай).
COVID-19 вирустарына ПТР әдісімен 232 сынама тексерілді, оң нәтиже анықталған жоқ.
Тұмаудан басқа облыста тұмау емес вирустар айналымда анықталды. Барлығы 232 үлгі зерттелді, оның ішінде 32,7%-да оң нәтиже анықталды (76 жағдай). Риновирус, аденовирус, РС вирус, парагрипп, бокавирус және коронавирус сияқты вирустар анықталды.
Тұмаудың алдын алудың барынша тиімді әдісі вакцинация болып табылады.
2024 жылы жергілікті бюджет қаражатына Ресей Федерациясында өндірілген «Гриппол плюс» вакцинасының 65 000 дозасы сатып алынды. Вакцина құрамында тұмаудың A /H3N2/, A/H1N1/ және B –штаммдарының антигендері бар.
Облыста тұмауға қарсы 70 641 адам, оның ішінде 5641 адам жұмыс беруші есебінен екпемен қамтылды, оның ішінде жүкті әйелдер – 2741, балалар – 13 963.
Иммундаудан кейінгі қолайсыз көріністер тіркелген жоқ.
Тұмауға қарсы вакцинациялаудан басқа, тұмаудың және басқа да тұмауға ұқсас аурулардың алдын алудың арнайы емес әдістері де бар. Олар мыналар:
- адам көп жиналатын орындарда және қоғамдық көлікте болу уақытын мүмкіндігінше қысқарту;
- жабық үй-жайларда және адамдар көп жиналған орындарда бір рет қолданылатын бетперделерді пайдалану;
- ауру белгілері, мысалы түшкіру немесе жөтелу белгілері бар адамдармен байланысты мүмкіндігінше шектеу;
- даладан және қоғамдық көліктен келгеннен кейін қолды мұқият жүйелі түрде жуу;
- даладан және қоғамдық көліктен келгеннен кейін мұрын қуысын тұзды сумен шаю;
- өзіңіз отырған үй-жайды жүйелі түрде желдету;
- үй-жайға жүйелі түрде ылғалды жинау жүргізу;
- дәрігердің ұсынымы бойынша иммунитет көтеретін препараттарды пайдалану.
Салауатты өмір салтын ұстаныңыз, жақсы тамақтаныңыз және жүйелі түрде дене шынықтырумен айналысыңыз.
Айнагүл СӘРСЕНҒАЛИЕВА,
Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы