Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

ХАЛЫҚТЫҚ МЕДИЦИНАДА НЕНІ БІЛУ КЕРЕК?

медициналық қалдықтар
медициналық қалдықтар

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы №ҚР ДСМ-220/2020 бұйрығымен бекітілген «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға  жататын өнімдер мен эпидемиялық мәні бар объектілердің тізбесі» бойынша «Дәстүрлі және халықтық медицина (емшілік) объектілері (хиджама)» эпидемиялық мәні болмашы объектілер қатарына жатады.  Эпидемиялық мәні болмашы объектінің қызметі (пайдаланылуы) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 7 шілдедегі №360-VI ҚРЗ Кодексінің 24-бабының 1 тармақ 2-тармақшасына сәйкес, кәсіпкер өзінің қызметін бастағандығы (тоқтатылғандығы) жөнінде «Электрондық үкімет» www.egov.kz, elicense.kzвеб-порталы арқылы сол аумақтағы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы ұйымына хабарлама беру арқылы жүзеге асырады.

Дәстүрлі және халықтық медицина (емшілік) объектілерінде санитариялық-эпидемиологиялық талаптар сақталуы тиіс. Атап айтсақ, объект қызметкерлері санитариялық-эпидемиология саласындағы құқықтық нормативтік актілерге сәйкес медициналық байқаудан өтуі және қызмет көрсетуші мамандардың арнайы киімдері және оның ауыстыратын қоры, бір реттік қолданылатын  жеке қорғаныш құралдарының қоры болуы тиіс. Сонымен қатар, объектіде медициналық қызмет көрсету бөлмелерің, стерилдеу бөлмелерің жұқпалы аурулардың таралмауы және алдын алу үшін  қабырғалары мен едендері дезинфекциялық тазалап жууға төзімді материалдармен өңделуі, осы медициналық қызмет көрсету бөлмелері, стерилдеу бөлмелері ағынды салқын және ыстық сумен қамтамасыз етілуі керек. Сондай-ақ, қызмет көрсетуші медицина маманы қандай да бір процедура жасар алдында  қол жуу талаптарын сақтауы тиіс және қол жуу раковиналары жанаспай ағатын немесе шынтақты шүмектермен қамтылуы, объектінің емшара кабинеттерінде сыртқа тарту немесе сорғы құрылығысын орнатуы қажет және мекеменің бекітілген кестесіне сай профилаткикалық тексеріп-қарап, жөндеу, тазалау, дезинфекциялау жүргізіліп отыруы қажет. Стерилдеу - бұл жоғарыда аталған объектілерде манипуляция кезінде пайдаланатын құралдар, бұйымдар санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып жуу, тазалау, залалсыздандыру және стерильденуі қажет, тазалану тиімділігін, сапасын бақылау үшін арнайы индикаторлар пайдаланылуы тиіс. Мысалы, хиджама жасауда арнайы ыдыстар (хиджама банка), қыру, кесу құралдары міндетті түрде жуылып, залалсыздандырылып, стерильденуі қажет. Объектіде пайдаланылған медициналық қалдықтарды  жою талаптарын сақтау, яғни медициналық қалдықтарды жоюға арналған инсинератор немесе балама әдістермен залалсыздандыру қажет немесе осындай қызметпен айналысатын арнайы мекемемен келісім шарт негізінде жүзеге асыруға болады.
Сонымен қатар дәстүрлі және халықтық медицина (емшілік) объектілері өзі қызметтерінің жұмыс сапасын бақылау үшін өндірістік бақылау бағдарламасын жасау арқылы объектіге өндірістік бақылау жүргізуі тиіс және ол қызметті аккредиттелген зертхана арқылы жүзеге асыруы қажет.
Алтынгүл АЙМҰРАТОВА, 
аудандық санитариялық-эпидемиологиялық 
бақылау басқармасы басшысы 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521