Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Ерте жүктіліктің ертеңі бұлыңғыр

Бүгінгі күннің трагедиясы тәрбиеден басталып жатқан жайы бар. Біз көз жұма қарап жүрген бұл өзекті мәселе – оқушы қыздардың ерте жастан жүкті болуы.

Негізінен, жүкті әйелдерді есепке алу 12 аптаға дейін жүзеге асырылуы тиіс. Ал, ерте мерзімде жүктілікпен есепке алу ауданда 92 пайыз көрсеткішті құрап отыр. Аудандық аурухана бас дәрігерінің ана мен бала жөніндегі орынбасары Света Сақтағанованың айтуынша, жүкті әйелдерді 12 аптаға дейін есепке алып, зерттеулерден өткізу ананың бойындағы созылмалы аурулары мен ұрықтың біткен ақауларын ерте анықтап, жүктілікті әрі қарай жүргізуді шешу үшін жасалады. Жасөспірімдер жүктілігі бойынша былтырғы жылы – 9 жағдай болса, биылғы жылдың 10 айында – 5 жағдай тіркеліп отыр. Сондай-ақ, бұл мәселенің алдын алу мақсатында барлық білім ошақтарында мектеп жасындағы қыз балаларға семинар-тренингтер өткізілуде.

Биылғы жылы барлық окургтерде, мектептерде бұл тақырыптарда мектеп оқушылары, ұстаздар, ата-аналармен бірге 12 семинар өткізіліп, 614 жасөспірім қатысты. Соңғы оқу жылында мектептегі онлайн оқу жүйесіне байланысты бұл тақырыпта zoom бағдарламасы арқылы жүргізілуде. Демек, ерте жүктіліктің проблемасы әлі де өзекті болып отыр.

- Иә, ерте жүктілік деп 13-19 жас аралағындағы кездесетін жүктілікті айтамыз. Осы уақытта, қыз балалар да өтпелі жас кезеңінен өтіп, олар гармондық өзгеріске ұшырап, ағзалары қайта құрылып жатады. Жалпы медицина саласында да 18 жасқа дейінгі болған жүктілікті ерте жүктілік деп қабылданады. Бұл жастағы жүктілік жасөспірім ағзасына өте қиын, ауыр жүктілік болып саналады. Әрбір ағза өзінің уақытымен, мөлшерімен өзгеріске ену керек. Ерте жүктілік кездескен жасөспірімде олардың барлық ағзасы үдеріске ұшырайды. Сондай-ақ, қыз балалардың гармондары дағдарысқа ілініп, әртүрлі потологиялық ауруларға алып келеді. Ерте жүктілік маңызды проблема. Ал, оның алдын алу үшін не істеу керек? Бұл ретте, отбасында қыз балаға ерекше мән берілуі тиіс. Анасы қыз балаға жақын болғандықтан, оның ағзасында болатын өзгеріс кезінде ашық әңгімелесу арқылы түсіндірілуі керек. Сондай-ақ, жалпы баланың сұрағына тыңғылықты әрі түсінікті жауап берілуі қажет. Міне, біздің көп өкінішке ұрындыратын себебіміз осы. Сондықтан да ұл бала болсын, қыз бала болсын ашық сөйлескен абзал. Негізінен, қазақ қоғамында бұл тақырыпты «Ұят болады» деп жабулы күйінде қалдырады. Бұл мүлдем дұрыс емес. Жалпы, әңгімелесу арқылы ең бірінші баланың болашағын жарқын етсеңіз, екіншіден ерте жүктіліктің, жалпы балаға төнген қауіптің алдын алуға болады, - дейді жалпы практик психолог Аңсағаным Маратқызы.

 

Нұрсәуле СҮЛЕЙМЕН

Сурет: ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT