Су көптеген инфекциялық аурулардың таралуының маңызды факторы болып табылады. Су арқылы таралатын (тырысқақ, іш сүзегі, бактериялық дизентерия, жұқпалы өткір энтерит) ішек инфекциялары XIX –шы ғасырдың басында адамдар үшін нақты апат болды, ауыр эпидемиядан мыңдаған адамдар көз жұмды. Елді мекендерден тұрмыстық сарқынды сулар арқылы, аталған аурулардың қоздырғыштары суға түседі.
Тұрмыстық ағынды суларда эпидемиялық кезеңдер арасында да жасырын түрде бацилло бөлгіш патогендік микроағзалар болады. Ішек инфекциясының су эпидемиясы елді мекендерде ашық су қоймаларынан немесе қолайсыз құдықтардың суын ішуге пайдаланғанда болады. Лестоспироздың таралуына да су жолы өте жиі кездеседі. Лестоспиралар су көздеріне кеміргіштердің, шошқалардың және ірі қара малды несебімен түседі.
Ауру көбінесе ашық су көздерінен (тоғандар, арықтар, суару каналдары) су ішкенде, суда шомылғанда немесе кір жуғанда жұғады, сонымен қатар лептоспирлер шырышты қабықшалар және терідегі микрозақымдалулар арқылы ағзаға енеді.
Ауылдық жерлерде туляремия судан таралу кезінде дамдар құдықтардан, бұлақтардан, тоғандардан суды пайдаланғаны байқалған. Ауру кеміргіштер сұйықтықтары арқылы немесе туляремиядан өлген егеуқұйрықтардың өлігі сумен байланыста болғанда туляремияның қоздырғыштары суға түседі. Су (малтуға арналған бассейндер, тоғандар) эпидемиялық вирустық конъюнктивиттің таралу факторы болу мүмкін. Ластанған судан адам ағзасына патогендік микробтардан басқа, лямблияның цисталары, аскаридтердің құрты және қылдырықбас, анкилостома құрты, бауыр церкариы түсуі мүмкін. Аталған құрттар иновазиялары сумен берілу жолдары кіші ластанған су көздерінен су ішуге және көкөністерді жууға суды пайдаланғанда және ол су көздерінде шомылғанда жұғуы мүмкін.
А.Искакова,
Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары