Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

103-ке соқсақ Атырауға түседі

Ауылда үлкен-кіші бәріміз емхана қызметіне тәуелдіміз.

Соның ішінде жедел жәрдемге жиі хабарласамыз. Себебі, ауру айтып келмейді. Қысылған сәтте тәніңе шипа беретін жедел жәрдем деген уақыттың үнемделеуін талап ететін қызмет түрі.

Алайда, соңғы кездері 103-ке хабарлассақ тұтқаны Атырау қаласынан көтереді. Олар қай аудан, қай ауыл, қай көше деп сұрайды. Түскен қоңырауды аудандық бөлімге жеткізеді. Аудан мен ауылды айтарсыз-ау, көшеге келгенде жедел жәрдем көлігі ұзақ іздеп жүріп қалады. Ауылдағы көшелерде реттілік жоқ. Көп үйдің сыртында нөмірленген тақтайшалар салынбаған. Осылар бізге кедергі. Бұл уақыт аралығын үлкендер көтергенімен қызулап жатқан сәби көтере ала ма екен?

Мәселен, бұрын «Тасқалиев Ермектің үйі»,- деп айта салсақ жергілікті дәрігерлер тез тауып келе қоятын еді. Бұл әлдеқайда жеңілдірек секілді. Сондықтан, жедел-жәрдем шақырғанда жергілікті жердің адамдарына қолайлы болуы үшін бұрнғыдай ұялы телефонмен соққанда аудандағы «жедел жәрдем» қызметкерлері ұстайтын дәрежеде болса нұр үстіне нұр болар еді.

Ризагүл ОҢАЙБАЙҚЫЗЫ,

Миялы ауылының тұрғыны

Сурет: Ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT