Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Қызылқоғалық ұстаздар марапатталды

Жаңа ғасырдың тізгінін ұстайтын еркін елдің ертеңі – шығармашыл кемеңгерлерді тәрбиелеу бесіктен басталып, үздіксіз даму барысында қалыптасады.

3b8874c3-08fc-47af-8075-d17433bc349f

Ал,сол дамудың негізін қалаушы ұстаздардың еңбегі орасан. Ендеше, оларды мерейлі мерекеде ұлықтаса керемет емес пе? Осыған «Арман» мәдениет үйінде «Ұстаз аты – биік, әрі мәңгілік»  тақырыбында салтанатты жиналыс болып өтті. Онда алдымен  құттықтау тілегін білдірген аудан әкімінің орынбасары Айдулат Кенжебеков:

- Дана халқымыз «Қарымды ұстазы мен тағылымды ұланы тең елдің бағы да баянды»  дейді. Қоғам мен адамзат алдындағы өлшеусіз еңбектеріңізді ескере отырып, Сіздерге өскелең ұрпақ тәрбиелеудегі өрелі жұмыстар және мемлекеттің гүлденуі жолындағы абыройлы істеріңізге толымды табыс тілеймін. Ұстаздық жолдарыңыз тек өрлеу мен өсуге бастасын. Мереке құтты болсын! – деді.  Одан соң,  аудан әкімінің Алғыс хатымен Айбек Қамысбаев (Кенбай орта мектебі), Жаңылсын Үмбетова (Х.Досмұхамедұлы атындағы орта мектебі), Анаргүл Оразғали (Тасшағыл орта мектебі), Нұржанат Нұрболат («Жасұлан» бөбекжай балалар бақшасы), Раушан Ақылбекова ( №9 орта мектебі), Оңғар Қосжандар  (Ш.Еркінов атындағы орта мектебі) марапатталса, Темірхан Байешев (Сағыз орта мектебі), Бақтыгүл Темірбаева (Кенбай орта мектебі), Айгүл Құбашева (Тасшағыл орта мектебі), Шолпан Елеуова (Х.Досмұхамедұлы ат. орта мектебі), Құралай Құмароваларға(Ш.Еркінов ат. орта мектебі) облыстық Білім беру  басқармасының Құрмет грамотасы табысталды. Ал аталмыш басқарманың Алғыс хатымен Найля Боранғалиева (Ғ.Сланов ат. орта мектебі), Алтынай Жалжанова (Қоныстану балалар өнер мектебі), Айнаш Тынысбаева («Алтын кілт» бөбекжай балалар бақшасы), Әсел Батанова (Миялы өнер мектебі), Қарлығаш Әбілғазиевалар (Б.Аманшин  ат.орта мектебі) ұлықталды.

4dd4f821-0fd5-4caf-b527-eef299a34ddc

Білім биігіндегі ұстаздар қауымына ақжарма тілегін білдірген аудандық мәслихат хатшыс Айбар Алтыбаев аудандық мәслихаттың  Алғыс хатын Айбек Ташимов (Б.Аманшин орта мектебі), Гүлнұр Жолдасова (№2 жалпы орта білім беретін орта мектебі), Жангүл Мекеева (№9 орта мектебі), Гүлжайна Қитарбаеваларға  (Сағыз орта мектебі) табыстады.  Ал, аудандық білім бөлімінің басшысы Гүлфайруз Анжанова «Аманат» партиясының Алғыс хатымен Тілектес Қонысбаева (Х.Досмұхамедұлы атындағы орта мектебі), Әйгерім Құрмашева («Балдырған» бөбекжай балалар бақшасы), Альфина Қазиева («Балбөбек» бөбекжай балалар бақшасы), Жанмерек Жалеловаларды («Қарлығаш» бөбекжай балалар бақшасы) марапаттаса, аудандық білім бөлімінің Алғыс хатымен Ақтоты Қарабалина («Жауқазын» бөбекжай балалар бақшасы), Нұрлан Әбуов (Кенбай орта мектебі), Нұргүл Күзембаева (№2жалпы білім беретін орта мектебі), Ұлан Кереева («Жазира» бөбекжай балалар бақшасы), Ақерке Темірбаева (№9 орта мектебі), Айымгүл Иғалиева (Б.Аманшин орта мектебі), Болған Шанғалиева («Балауса» бөбекжай балалар бақшасы), Алтынай Кәдірова (А.Өміров атындағы балалар өнер мектебі), Нұрсұлу Мунишева (Миялы балалар өнер мектебі), Қарақат Тасқалиева (Жамансор бастауыш мектебі), Индира Құлбаевалар («Нұр-Шуақ» бөбекжай балалар бақшасы) ұлықталды.

Салтанатты шара барысында, сөз сөйлеген ардагер ұстаз  Жания Тәжмағанбетова барша ұстаздарды мерекелерімен құттықтап, ақжарма тілегін білдірсе, кеш соңы аудан өнерпаздарының концертіне ұласты.

Нұрсәуле ЖАУЫНБАЕВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521