Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Тыл ардагерлеріне құрмет

Тайсойған ауылдық округінің тұрғындары қос мерекені ұйымшылдықпен атап өтті. Мереке аясында алдымен шағын футболдан ауылішілік жарыс ұйымдастырылды.

Нәтижесінде, қарсыластарының барлығын ұтқан «Қайрат» командасы І орынды жеңіп алса, ауыл жастарынан құрылған команда ІІ орынды, «Бірлік» командасы ІІІ орынды иемденді. Манас Саматов «Үздік ойыншы» атанса, «Үздік қақпашы» атағын Серікболсын Асқарұлы иеленді. Жарыс соңында жеңімпаз-жүлдегерлерді округ әкімі Төреш Қозбақов арнайы диплом және медальдармен марапаттады. Сондай-ақ, Жеңіс күні Тайсойған ауылының тұрғындары соғыстан оралмаған боздақтарға қойылған обелискіге гүл шоқтарын қойып, округ әкімі Төреш Қозбақов ауылдағы тыл ардагерлерін мерекемен құттықтап, сый-сияпат жасады.

Бауыржан ЕРЖАН

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT