Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Жастар челлендж жолдады

Ауыл тұрғындарын Отан қорғаушылар күнімен құттықтаған Көздіғара ауылдық округінің жастары «Сарбаздар» әнімен флешмоб билеп, челлендж жолдады.

Ал, «Самал» мәдениет үйінің өнерпаздары «Ұлтын сүйген ұландар» тақырыбында мерекелік шара ұйымдастырып, тұрғындарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Ал, Жеңіс күні тұрғындар «Ерлікке тағзым» атты обелискіге гүл шоқтарын қойып, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан майдангерлерді бір минут үнсіздікпен еске алып, рухтарына тағзым етті. Көздіғара ауылдық округінің әкімі Ернар Ізімов пен Көздіғара ауылдық бастауыш ардагерлер ұйымының төрағасы Қайырбай Ерекенов ауыл тұрғындарын Жеңістің 78 жылдығымен құттықтап, елімізге тыныштық пен бейбіт өмір тіледі. Шара соңы концерттік бағдарламаға ұласты.

Бауыржан ЕРЖАН

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және  коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде 2018 жылдың 16 мамырында №17104-Г куәлігі берілген.
Редакцияның мекен-жайы: Миялы ауылы,
Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй.
Байланыс телефоны: 2-17-38, 2-17-64
Электрондық пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз