Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Рухани жаңғырудың негізі

Жақында Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев кириллицадан латын қарпіне көшу туралы бұйрыққа қол қойып, жаңа әліпби бекіді. Латын әрпі – біздің дәстүрлі мәдениетімізді дамытудың, әлемдік ғылыми айналымға ену жолындағы баспалдағы, іргетасы болмақ.

Яғни, латын әрпі ұлттық кодымызды өркендетудің бір жолы болары сөзсіз. Осыған орай, аудандық орталық кітапхана оқырмандары бас қосып, латын әліпбиіне көшудің жаһандану үрдісіндегі латын әліпбиінің қолданыс аясының маңызы, оған көшу мен енгізу тәсілдері, тарихи тамырлары мен әлемдік тәжірибесі, жаңа әліпбидің мүмкіндіктері мен болашағы туралы әңгіме қозғады.

Онда зейнеткер Орынғали Салықов бұрын қазақ жазуында қолданылып келген әліпбилер тарихы туралы тарқатып айтып, – Елбасының өткен жылғы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы Қазақстанның әлемдегі 30 елдің қатарына қосылуы мен мықты әрі жауапкершілігі жоғары біртұтас ел болу үшін рухани жаңғыруымызға, ұлттық бірегейлігімізді сақтауымызға айқын жол сілтеп отыр. Рухани жаңғыруға нық қадам жасап, болашаққа сеніммен бет бұруда, еліміздің латын әліпбиіне көшудің маңызы зор. Сонымен қатар, бұл – әдеби, рухани дүниемізді қайта түлетуге, рухани жаңғыруға бастайтын жол. Латын әліпбиіне өту – бұл тек әліпбиді ауыстыру ғана емес, қазақ тілін заманға сай жаңғыртудың кешенді жүйесін, дұрыс сөйлеу, жазу мәдениетін қалыптастырады. Бұл бастама қазақтың рухани жаңғыруға деген сенімін арттырып, санамызды жаңғыртып, болашақ ұрпақтарымыздың ғаламдық ғылым-¬білімді игеруге жол ашып, рухани жаңғырудың берік іргетасы болары сөзсіз, – деді. Шара соңында оқырмандар «Латын әліпбиіне көшу – еліміздің алға жылжуына, жаңа заман талабына сай өсіп-өркендеуіне, болашақта жан-жақты дамуымызға үлкен септігін тигізіп, жеңісі мен жемісін берері анық» деген ортақ ой түйді.

Гүлмира МАҚСОТҚЫЗЫ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және  коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде 2018 жылдың 16 мамырында №17104-Г куәлігі берілген.
Редакцияның мекен-жайы: Миялы ауылы,
Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй.
Байланыс телефоны: 2-17-38, 2-17-64
Электрондық пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз