Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

ОҚУШЫЛАРҒА ЖАҢА АВТОБУС

Қазіргі таңда спорт саласына айтарлықтай көңіл бөлініп, бұқаралық спортты дамытуға мол мүмкіндік беріліп отыр. Сөзімізге дәлел, жақында облыс әкімі Серік Шәпкенов аудандық білім бөліміне қарасты “Ұлан” балалар жасөспірімдер даярлығы клубына салтанатты түрде жаңа автобус көлігінің кілтін табыс етті. 

Бұған дейін клуб шәкірттері жарыстарға қатысу үшін таксилермен қатынайтын. Бұл әриене бала өмірі үшін қауіпті. Соған сай қызметтік көлік алу күн тәртібінде тұрған мәселе болатын. Бүгінде бұл мәселе шешімін тауып көпшілікті қуантты. 

– Бұл жас спортшылармыз үшін қуанышты жаңалық. Жаңа автобус қауіпсіздік белдіктерімен, оқу сөмкесіне арналған сөрелермен, бейнекамералармен және тағы да басқа қауіпсіздік құралдарымен жабдықталған. Бұған дейін оқушыларымызды облыс көлемінде өтетін спорттық шараларға тасымалдау қиындық туғызып жүрген. Автобус көлігімен қамтамасыз етуге сұраныс беріліп, сол сұраныстың шешімі оң нәтиже тапты, - дейді аталмыш клуб басшысы Бауыржан Досқалиев. 
Иә, оқушының әрбір жеңісінің артында осындай қолдауды сезінуге болады. «Оқушылардың жеңісті күндері көп болсын!» деп тілейміз. 


Гүлмира МАҚСОТ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT